10 наурызда Португалияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді

259

Бұл туралы ел президенті Марселу Ребелу де Соуза мәлімдеді. 

10 наурызда Португалияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді	Фото: freepik.com

Португалия президенті сыбайлас жемқорлық жанжалына қатысы бар премьер-министр Антониу Коштаның күтпеген жерден отставкаға кетуіне байланысты Мемлекеттік кеңестің арнайы отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы парламентті таратып, 2024 жылдың 10 наурызында кезектен тыс жалпы сайлау өтетінін жария етті.

Сонымен қатар, бұрынғы инфрақұрылым министрі Педро Нуну Сантостың Антонио Коштаның орнына Социалистік партияның жетекшісі қызметіне орналасуға мүмкіндігі бар деп саналады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Португалия премьер-министрі Антониу Коштаның жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен отставкаға кеткенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу