ҰҚК ірі көлемде қару-жарақ тәркіледі

81

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі шаралар жүргізіп келеді.  

ҰҚК ірі көлемде қару-жарақ тәркіледі Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылғы қыркүйекте ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында қару-жарақты іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

62 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, 4 граната және 4 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

2022 жылғы қаңтарда ұрланған 10 қару-жарақ анықталды.

Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу