10 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

537

18 ақпан сағат 09:00-де қолайсыз ауа райына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар 18 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

10 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді Фото: Shutterstock

Абай облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 177 км

  • "Омбы-Майқапшағай" — Қалбатау мен Боғаз арасы.

Ақмола облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 77 км

Дизельмен жүретін көліктер ғана. 

  • "Екатеринбург — Алматы" — Жібек жолы — Қарағанды облысы шекарасы
  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" — Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін. 

Алматы облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 99 км

  • "Алматы-Тау турбазасына кіреберіс" (жүк және қоғамдық көлік үшін)
  • "Алматы-Ташкент-Термез" — Жаңақұрылыс ауылы-Жамбыл облысы шекарасы (көліктің барлық түріне).

Шығыс Қазақстан облысында — бір учаске

  • "Омбы-Майқапшағай" — Абай облысы шекарасынан ҚХР шекарасына дейін (көліктің барлық түріне).

Жамбыл облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 150 км

  • "Алматы-Ташкент-Термез" — Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейін (көліктің барлық түріне), Кенен мен Қайнар ауылы арасы (ескі Қордай асуы арқылы жүруге болады).

Жетісу облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 100 км

  • "Үшарал-Достық" — Көктұма мен Достық арасы (көліктің барлық түріне)

Қарағанды облысында - 5 учаске, жалпы ұзындығы — 1251 км

Дизельмен жүретін автокөліктерге. 

  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" — Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау арасы
  • "Қызылорда-Павлодар" — Қарағандыдан Топарға дейін
  • "Екатеринбург-Алматы" — Ақмола облысы шекарасынан Балқашқа дейін.
  • "Қарағанды-Аягөз — Боғаз" — Ботақара мен Қарқаралы арасы
  • "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" — Павлодар облысы шекарасынан Ботақара кентіне дейін.

Қостанай облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 83 км

  • "Жезқазған-Петропавл" — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалыққа дейін (көліктің барлық түріне).

Павлодар облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 165 км

Шектеу тек дизельмен жүретін көліктерге. 

  • "Қызылорда-Павлодар" — Қарағанды облысы шекарасынан Шідертіге дейін 
  • "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" — Баянауыл мен Шідерті арасы.

Ұлытау облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 543 км

  • "Жезқазған-Петропавл" — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (көліктің барлық түріне), Жезді мен Ұлытау арасы (дизельмен жүретін көліктерге)
  • "Қызылорда — Павлодар" — Жезқазған қаласынан Қарағанды облысы шекарасына дейін (дизельмен жүретін көліктерге).

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 181 техника мен 274 адам жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу