10 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

283

Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады. 

10 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды Фото: Pixabay

9 ақпан сағат 10.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 48 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

  • Абай облысында – 1 учаске
  • Ақмола облысында – 14 учаске
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске
  • Қарағанды облысында – 5 учаске
  • Қостанай облысында – 7 учаске
  • Қызылорда облысында – 1 учаске
  • Павлодар облысында – 4 учаске
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 8 учаске
  • Ұлытау облысында  – 1 учаске

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 519 бірлік техника  және 864 жолшы жұмылдырылды.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыздар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу