10 өңірдің ұстаздары робототехниканы тегін үйреніп жатыр

381

Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Дарын" РҒПО-мен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.  

10 өңірдің ұстаздары робототехниканы тегін үйреніп жатыр Фото: gov.kz

Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында STEM мұғалімдеріне арналған 3D-модельдеу және робототехника бойынша тегін тренинг басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"200 мектеп мұғалімі апталық оқудан өтеді. Олар үшін 3D модельдеу және робототехника негіздері оқытылады. Сондай-ақ жобаларды құру және іске асыру үшін Autodesk 123D Design бағдарламасын пайдалану үйретіледі. Менторлық пен тренингті информатика, робототехника және 3D-модельдеу саласындағы сарапшылар, оның ішінде мұғалімдер, университет оқытушылары және робототехника клубтарының басшылары жүргізеді", - деп хабарлады "Дарын" РҒПО директорының орынбасары Айгүл Қарқұлова.

Тренинг соңында финалдық турнир өтеді. Онда қатысушылардың жетістіктері мен шығармашылық жұмыстары көрсетіледі. Мұғалімдер оқушылармен бірге командалар құра отырып, өз жобаларын ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу