10 сағат бойы ұшқан ұшақ жарты жолдан кері қайтқан

3106

Әуе бортында 300-ге жуық жолаушы болған.  

10 сағат бойы ұшқан ұшақ жарты жолдан кері қайтқан Фото: tsargrad.tv

Чикагодан Делиге бағыт алған Air India рейсі дәретхананың жұмысындағы ақауға байланысты жарты жолда артқа қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұшақ 5 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:24-те Чикагодан ұшып шықты. Чикагодан Делиге шамамен 14 сағатта жетуі керек болатын. Алайда 5 сағат өткен соң оның қайтадан артқа қайтуына тура келді.

Бұл уақытта Air India 777 ұшағы Канада мен Гренландияның теңізінің үстінен өтіп кеткен. Себебі борттағы 12 дәретхананың тек бизнес-класта орналасқаны ғана істеп тұрған. Дәретханалардың толып кетуі салдарынан кері қайтуға шешім қабылданған.

Әуе бортының ішінде 300-ге жуық жолаушы болды. Ұшақ барлығы 10 сағаттай ұшқан.

Авиакомпания болған жағдайды "техникалық себептер" деп түсіндірген. Жолаушылардың сөзінше, негізгі себеп дәретханалардың бітелуі болған.

Ұшақ Чикагода екі күн тұрды. Air India ақпаратына сәйкес, жолаушыларға жататын орын берілген.

Рейстің Чикагоға ұшып шыққаны туралы ақпарат Flightradar сайтында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу