10 сәуірден бастап балабақшаға жолдама электронды түрде беріледі

932

10 сәуірден бастап балабақшаға жолдама электронды түрде беріледі

2017 жылдың 10 сәуірінен бастап Астана қаласында мемлекеттік балабақшаға жолдама www.astana.kz порталы арқылы электронды түрде беріледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жолдама кезекке сәйкес жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы бос орындарға беріледі.

Егер өтініш берушінің баласы 2015 жылы дүниеге келсе, ол үшін 10 сәуірден, 2014 – 12 сәуірден, 2013 – 18 сәуірден, 2012 – 21 сәуірден, 2011 – 25 сәуірден мемлекеттік балабақшаға жолдама алуға мүмкіндік бар. Әрбір туған жыл үшін мемлекеттік балабақшаға жолдаманың берілуін күту мерзімі – пайдаланушыға ескерту жолданған сәттен бастап 15 жұмыс күні.

Жолдама берілген күннен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға ұсынылуы тиіс.

Бос орындар жөніндегі ақпарат.

2015 жылы туған балаларға 1240 бос орын бар;

2014 ж. – 2233 бос орын;

2013 ж. – 1340 бос орын;

2012 ж. – 1111 бос орын;

2011 ж. – 386 бос орын.

Жалпы қазір Астана қаласында 6310 бос орын бар.

Сіз толыққанды нұсқамамен e.astana.kz жүйесінде мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Орын бөлу жұмыстары аяқталған соң, кезектің жылжу барысын Астана қаласы әкімдігінің www.e.astana.kz ресми сайтынан қарауға болады.

2017 жылғы 10 сәуірден бастап жұмыс тобы Қарталы көшесіндегі №61 мектепте автоматтандыру мәселесі жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізеді. Оның жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 10:00-18:00 аралығында. Түскі үзіліс 13:00-14:00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу