10 шілдеден бастап камера жоқ жерлерде де орташа жылдамдық бақыланады

494

Бұл шара жол-көлік оқиғаларын азайтуға, жылдамдық режимін бұзудың алдын алуға бағытталған.  

10 шілдеден бастап камера жоқ жерлерде де орташа жылдамдық бақыланады Фото: egemen.kz

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ 10 шілдеден бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген ақылы учаскелерінде көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылауға алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орташа жылдамдықты бақылау екі бағытта келесі учаскелерде қолданылады:

  • Ақтөбе – Қандыағаш;
  • Алматы – Қорғас;
  • Көкшетау – Петропавл;
  • Астана – Теміртау, Аршалы – Ошағанды учаскесі.

Тәжірибе көрсеткендей, жылдамдықты шамадан тыс арттыру ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелетін негізгі факторлардың бірі болып отыр. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі камера алдындағы бір реттік жылдамдықты ғана емес, жүргізушінің бүкіл жол учаскесіндегі нақты қозғалыс мәнерін анықтайды.

Яғни, жүйе көлік құралының белгілі бір аралықты қандай жылдамдықпен жүріп өткенін есептейді. Мұндай тәсіл жүргізушінің тек камераның алдында ғана жылдамдықты азайтып, кейін қайтадан қауіпті деңгейге дейін үдетуіне жол бермейді.

Жылдамдық режимін бұзуды автоматты түрде тіркеу республикалық автожолдардағы апаттылықты төмендетуге бағытталған алдын алу шаралары аясында енгізілуде. Қозғалыс қарқындылығы жоғары ақылы учаскелерге ерекше назар аударылады. Себебі, мұндай жолдарда жылдамдық режимін сақтау барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу