Астанаға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді балалар хоры мен тікұшағы бар кортеж қарсы алды. Салтанатты рәсімде балалар қытай тілінде ән айтып, өздерін таныстырған., деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы "PRESIDENT" жобасының жүргізушісі және авторы, журналист Әділ Балтабаев өзінің instagram парақшасында жазып, ресми кездесуден шағын видеомен бөлісті.
Қатысушылардың бірі – 10 жасар Әмірхан Си Цзиньпинді "ата" деп атап, қытай тілін керемет деңгейде меңгергеннін көрсетті.
"Бала ҚХР басшысын қытай тілін білуімен таң қалдырды. Соның арқасында, ол біздің президент оқыған Пекин тіл және мәдениет университетіне оқуға шақырту алды", – деді іс-шарада болған оқиға туралы Балтабаев.