10 жасар бала түн ішінде компьютер клубында жүр

809

Елорданың ювеналды полицейлері еріктілермен бірге түн ішінде балалар мен жасөспірімдердің  қоғамдық орындарда болмауын қадағалап, тексеру жүргізуде.

10 жасар бала түн ішінде компьютер клубында жүр

Нұр-Сұлтанда 10 жасар баланың түн ішінде компьютер клубында жүргені анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың ювеналды полицейлері еріктілермен бірге түн ішінде балалар мен жасөспірімдердің  қоғамдық орындарда болмауын қадағалап, тексеру жүргізуде.

Рейдтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен ескерту, кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

"Есіл ауданының ювеналды полиция қызметкерлері мамыр айының 18 жұлдызында түнгі сағат 03.00 шамасында елордалық компьютер клубының бірінен 10 жасар баланы анықтаған. Аталған факті бойынша, баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар компьютер клубының әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тыйым салынғанына қарамастан, жұмысын тоқтатпаған клуб иесіне қатысты материалдар аудан прокуратурасы мен әкімдігіне жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу