Жұмыс істеуге келген мигрант отбасындағы қыздар жуылмаған ыдыс үшін жанжалдасқан.
10 жастағы Наргиза мен 13 жастағы Анора (аты-жөні өзгертілді) үйде жалғыз қалған. Олардың ата-анасы жұмыста болған.
Қыздар үй жинау үшін ұрысқан. Үлкені тәрелкелерді, ас құралдары мен шыныларды жуу кішінің міндеті екенін айтып, моральдық қысым көрсете бастады. Кіші қыз оған шыдай алмай, асхана пышағын алып, әпкесіне шабуыл жасады.
Содан соң қыз жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қызды аман алып қалуға тырысты, бірақ ол көп қан жоғалтып, мерт болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу