10 жыл күткен пәтерден қайыр болмады

557

Өз пәтерін 10 жыл күткен қостанайлық Руслан Қонақбаев берілген тұрғын үйге көңілі толмайды.

10 жыл күткен пәтерден қайыр болмады Фото: Әмірлан Байғоныс

Тұрғын үй мүгедектігі бар адамдар үшін ыңғайсыз жасалған, дейді тұрғын деп жазады Inbusiness.kz.

"ТоболИнфо" жетім Руслан Қонақбаевтың өмірін баяндап берді. Ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 топтағы мүгедек. Осы жылы Руслан Қостанай әкімдігін сотқа берді және оны заң бойынша өзіне жүктелген тұрғын үйге уақытында кезекке қоймағанын дәлелдеді. Руслан сотта жеңіске жетті, оның кезегі ауыстырылды және 11 қазанда ол "Қонай" шағын ауданында орналасқан пәтердің кілтін алды, бірақ 10 жыл күткен пәтер көңіл көншітпей отыр.

- 12 қазанда мен пәтерге кіре бастадым. Кіре берісте есіктердің жоғарғы құлыпы жұмыс істемейтінін, жалпы есік қатты жабылатынын байқадым, — дейді Қонақбаев. - Қабырғалар ДСП-мен қапталған, бірақ қазірдің өзінде тесіктерді байқауға болады. Әрең тұрған жабық есіктер мен розеткаларды, менің шағымдарымнан кейін, мердігер жөндеп берді. Жуынатын бөлмеде плиткалар әрең ұсталады, ал кептіру құбыры жұмыс істемейді. Ас үйде мен тіпті терезені өзім аша алмаймын.

Сондай-ақ, жас жігіт мына нәрсеге аса назар аударды — мүгедектерге пәтер ішінде жүру үшін арнайы тұтқалар қажет, бірақ мұндай ештеңе жоқ.

- Бұл үй қалай қабылданды? Қайда қарамасаң да, бәрі жерде әйтеуір бірдеңе сынып жатыр. Мен түзу қоғала алмайтын адаммын, кез-келген сәтте құлап, тұра алмайтынымды атап өткім келеді. Үйде тірекпен жүру де ыңғайсыз. Неліктен жобаны әзірлеу кезінде және құрылыс кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тұру шарттары ойластырылмаған? Мен мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, техникалық қадағалау өкілдерінің менің пәтеріме келіп, барлық кемшіліктерді өз көзіммен көргенін қалаймын, — деді Қонақбаев.

"ТоболИнфо" АА осы үйді тұрғызып жатқан "Ақтөбе-Сәулет" ЖШС мердігерімен байланысқа шықты.

- Барлық ақаулар жойылады, бірақ шыдамдылық пен уақыт қажет. Алдыңғы есіктерге келетін болсақ, иә, оларды ішінен жабуға күш салу керек. Руслан бір рет өздігінен шыға алмады, енді бұл туралы барлығына жария етіп жүр, — деп атап өтті құрылыс салушының өкілі. - Жоба бойынша бізде қабырғалар гипсокартоннан жасалған, Қонақбаев оларға үнемі сүйене бергендіктен, қабырғаға зақым келіп, тесіктер пайда болады. Өкінішке орай, тұтқаларды гипсокартонға бұрауға болмайды, сонымен қатар бұл жобада қарастырылмаған. Жақында ғана оған ішкі есіктерді ауыстырып бердік, бірақ онда да жұмысымызға риза болмады, — деді мердігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу