10 жылда 16 млрд теңге жұмсалғанымен жолдардың цифрлық картасы әлі әзірленбеген

249

Қосалқы мердігерлік ұйымдарды тарту ешкімнің бақылауында емес.

10 жылда 16 млрд теңге жұмсалғанымен жолдардың цифрлық картасы әлі әзірленбеген Фото: canva.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров жол құрылысы кезіндегі жемқорлық тәуекелдерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Агенттік автожол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды аяқтады. Мәселен, соңғы 5 жылда жол саласына 6 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бірақ жол желісінің жай-күйі халық тарапынан шағым тудыруда. 2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарының сапасыздығына қатысты 20 мыңнан астам шағым түсті. Сыртқы талдау жоспарлаудан бастап, бақылау мен күтіп ұстауға дейінгі жол құрылысы мен жөндеудің барлық кезеңдерінде жүйелі жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсетті", – деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, бастапқы кезеңде проблемалық учаскелер дұрыс анықталмай, жөнделгеніне көп уақыт болмаған жолдар жөнделеді.

Жобалау кезінде смета шамадан тыс жұмыс пен материалдардың есебінен жасанды түрде жоғарылатылады.

Келісімшарттар көбінесе тәжірибесі мен ресурстары жоқ мердігерлермен, бір көзден немесе картельдік келісім шарттарымен жасалады.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының анықталған ақаулар туралы қорытындыларын орындау міндетті емес, ал техникалық қадағалау өз функцияларын ресми түрде орындайды. Жаңа технологияларды енгізуді бақылаудың болмауы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және күрделі нормативтік-құқықтық база да автожолдардың сапасына әсер етеді. Цифрландырудың жеткіліксіздігі проблеманы ушықтырады. Соңғы 10 жылда Ақпараттық жүйелерді дамытуға 16 млрд бюджет қаражаты жұмсалды. Дегенмен, жолдардың цифрлық картасы әлі әзірленбеген", – деді Данияр Бегайдаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу