10 жылда АҚШ-тың ядролық шығындары 634 миллиард долларға жетеді

671

Демократ-сенаторлар Эдвард Марки мен Эрл Блуменауэр қаржыландыру көлемін 73 миллиард долларға қысқартуды ұсынған болатын.

10 жылда АҚШ-тың ядролық шығындары 634 миллиард долларға жетеді

АҚШ 2030 жылға дейін өзінің ядролық күштеріне 634 миллиард доллар шығындамақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Құрама Штаттар Конгресінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Пентагон мен Энергетика министрлігінің 2021 жылға арналған бюджеті мақұлданса, 2021 және 2030 жылдар аралағында ядролық күштерге жұмсалатын қаражат көлемі 634 миллиард долларға жетеді", – деп жазылған мәлімдемеде.

Үштен екі бөлігі Пентагонға беріледі. Қаражаттың басым бөлігі су асты қайығының баллистикалық зымырандары мен құрлықаралық баллистикалық зымырандарымен байланысты. 

Конгрестің бюджеттік басқармасының 2019 жылғы баяндамасына сүйенсек, 2028 жылға дейін 494 миллиард доллар бекітілген еді. 

24 мамырда демократ-сенаторлар Эдвард Марки мен Эрл Блуменауэр қаржыландыру көлемін 73 миллиард долларға қысқартуды көздейтін заң жобасын қайта енгізген еді. Нақтырақ айтқанда, олар құрлықаралық баллистикалық зымырандардың санын 400-ден 150-ге дейін, ал оқтұмсықтардың санын 1500-ден 1000-ға дейін азайтуды ұсынды.

Табиғат Нұрболат

Фото: washingtonpost.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу