Соңғы 10 жылда Еуропалық одақ Орталық Азияға 110 млрд еуродан астам инвестиция құйған

734

Бұл – өңірге тартылған барлық инвестицияның 40%-ы. 

Соңғы 10 жылда Еуропалық одақ Орталық Азияға 110 млрд еуродан астам инвестиция құйған

Соңғы 10 жылда Еуропалық одақ Орталық Азияға 110 млрд еуродан астам инвестиция құйды. Бішкекте өтіп жатқан "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Оның айтуынша, бұл өңірге тартылған барлық инвестицияның 40%-ын құрайды. 

"Осы уақыт аралығында біздің елдердің қол жеткізген прогресі ұлттық  экономикаларды дамыту мен адамдардың өмір сапасын көтеру тұрғысынан алып қарағанда шын мәнінде ауқымды болып отыр. Осы орайда елеулі үлес қосқан еуропалық серіктестерімізге алғысымды жеткізгім келеді", – деді Мамин. 

ҚР Үкімет басшысы форум аясында Еуропалық Комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскисмен кездескен болатын. Олар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты талқылады.

Айта кетейік, 5 қарашада Қырғызстан астанасын Бішкек қаласында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумы өтіп жатыр. жиынға ЕО және Орталық Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері, ЕО жобаларын осы аймақта жүзеге асырып жатқан ұйымдар, жеке сектор өкілдері, еуропалық қаржы институттары қатысып жатыр. Форумда Орталық Азияның экономикалық даму саласындағы басым қажеттіліктері туралы пікірлер айтылады. Бұл форумың негізгі бағыттары – жасыл экономика, цифрландыру және іскерлік ортаны дамыту мәселелері.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу