10 жылдан бері туу көрсеткіші 11 пайыз ғана өскен

1543

Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Павлодар облыстарында.

10 жылдан бері туу көрсеткіші 11 пайыз ғана өскен

ҰЭМ статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы елімізде 397 799 нәресте өмірге келіпті. Соның ішінде 235014-і қалалық жерде өмірге келсе, ауылдарда 162785 нәресте туған. 

Нәрестелердің 205224-і – ұл бала (51,6%), 192575-і – қыз (48,4%). Өткен жылы қыздарға қарағанда ұлдардың саны басым болды. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады.

2008 жылмен салыстырғанда туғандар саны 11,6% (ер балалар – 12%, қыз балалар – 11,1%), қалалық мекендерде – 19,4%, ауылдық  мекендерде – 1,9% артты.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2018 жылы 21,77 (2008 жылы – 22,75) туғандарды  құрады, қалалық мекендерде – 22,16 (2008 жылы – 23,63), ауылдық мекендерде – 21,22 (2008 жылы – 21,75) құрады.

Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 туғандар), Нұр-Сұлтан қаласында (27,67) және Шымкентте (27,53) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30)  мен Павлодар (15,72)  облыстарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу