100 адам көлігін заңдастырды

455

Шетелдік көлікті заңдастырудың алғашқы күні 100 адам жаңа нөмір мен құжат алды.  

100 адам көлігін заңдастырды Фото: azattyq-ruhy.kz

Елімізде науқан кеше басталғаны белгілі. "Polisia.kz."-тің хабарлауынша, бір күн ішінде 2 мыңнан астам өтінім мақұлданып, жүз адам тиісті құжатын алған. Азаматтарға Халыққа Қызмет көрсету орталықтары мамандары да көмектесіп жатыр.

Мұнда кеңес алып, базалар бойынша құжаттарды тексеруге мүмкіндік бар. Әрбір өтінім жеке қаралады. Орталықтар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Заңдастыруға е-gov.kz электрондық үкімет порталы және екінші деңгейлі банктер қосымшасы арқылы да жүгінуге болады. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға былтырғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек. Заңдастыру шарасы 1-ші шілдеге дейін жалғасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу