100 дарынды студент ІТ семинарларынан өтті

854

100 дарынды студент ІТ семинарларынан өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының бастамасы бойынша өткізілген "Method PRO" жобасы бойынша екі апталық ІТ-тағылымдаманың қорытындысы жасалды, деп хабарлайды silteme.kz.

"Method PRO" жобасы - Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға бағытталған  еліміздің дарынды жастарына арналған арнайы кәсіби білім беру платформасы.

Жобаны іске асыру барысында 100 дарынды студентке арналған отандық және шетелдік мамандардың мобильді және веб-әзірлемелері, машиналық оқыту және Вig Data, маркетинг және бизнес-талдауды қолдану жөнінде семинарлар өткізді. Жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар елорданың ірі компаниялары және кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті, оның нәтижесінде қатысушылар "Қазпошта", "Казатомпром", Бас прокуратура және т.б. үшін шешім-жобаларын әзірледі.

Бүгін Назарбаев Орталығының алаңында жоғарыда аталған компаниялардың ІТ-бағдарламалары және бизнес-ұсыныстарын енгізу жөніндегі жұмыстары көрсетіледі.

"Қазпошта" АҚ үшін ұсынылатын жоба – жасанды интелектіге негізделген және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе.

"Казатомпром" АҚ үшін ұсынылатын жоба – кен орындарынан уранды өндірген кезде кеніштерді цифрлауға мүмкіндік беретін цифрлық кеніш жүйесі.

Бас прокуратураға арналған жоба – "Белсенді азамат" мобильді қосымшасы. Қылмыстың мониторингісін жүргізуге, онлайн режимінде шағым және өтініш жасауға мүмкіндік беретін жүйе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу