Әуе компаниясы жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіруге қозғалтқыштың ақауы себеп болғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, United Airlines әуе компаниясының ұшағы 1382 рейс экипажы әуеге көтерілмей тұрып, ұшуды тоқтатқан.
– Жолаушылар ұшақтан ұшып кету алаңында слайдтар мен баспалдақтар арқылы түсіп, автобуспен терминалға жеткізілді, – деп мәлімдеді компания.
АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) бұл инцидентті жіті тексереді. Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:35 шамасында болған.
– Airbus A319 ұшағында 104 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған, олар Нью-Йоркке, яғни Ла Гуардия әуежайына ұшуы тиіс еді, – деп хабарлады әуе компаниясы.
Ал Хьюстон өрт сөндіру қызметі X әлеуметтік желісінде "HFD бұл оқиға бойынша өрт сөндірген жоқ" деп жазған.
Айта кетейік, өткен аптада American Airlines аймақтық жолаушы ұшағы АҚШ армиясының Black Hawk тікұшағымен әуеде соқтығысып, Рейган Вашингтон ұлттық әуежайы маңындағы Потомака өзеніне құлаған болатын.