Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен 19 елдің басшысы телефон арқылы құттықтаған. Сонымен қатар 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйым лидерлерінен толассыз құттықтау хаты келіп түскен.
Алтунның сөзінше Ердоғанды қайтадан Президент болып сайлануымен Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Украина, Англия, Германия, Франция, Голландия, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Палестина, Израиль, Либия, Пәкістан, Гвинея-Бисау елдерінің мемлекет және үкімет басшылары телефон арқылы құттықтаған. Бұдан бөлек, 100-ден астам ел мен халықаралық ұйым лидерлері құттықтау хаттар жолдаған.
“Президентіміз жаңа кезеңде де көшбасшы дипломатиясының мүмкіндіктерін екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту, өңірлік және жаһандық мәселелерді шешу, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жалғастырады”, - делінген хабарламада.