Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Маңызды бағыт – Парламенттік дипломатияны дамыту. Бұл салада 100-ден астам елдің парламенттерімен ынтымақтастық топтар құрылды. Депутаттар ТүркПА, ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеялары, Парламентаралық Одақ және Еуропалық Парламент іс-шараларына қатысты. Бельгия, Грузия, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Тәжікстан және Түрікменстан парламенттік делегациялары Қазақстанға келді.Бұдан бөлек, жуырда Қазақстанның төрағалық етуімен Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы форумын өткіздік", – деді Мәжіліс төрағасы.