"170-ке жуық ресейлік Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға өтініш білдірді. Біздің сараптама көрсеткендей, былтыр да осымен шамалас адам өтініш білдірген. Ал бұған дейін, тіпті одан 200-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берген", – деп айтты Қожаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның сөзінше, Қазақстанда тұруға ықтиярхат сұрағандар санының аздап өскені байқалып отыр.
"Өткен жылдары бұл көрсеткіш 350-ден 400-ге дейін болса, 2022 жылдың басынан бері 1 000 адамға дейін жеткен. Сонымен қатар 10 мыңға жуық адам жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш білдірген. Оны кез келген шет мемлекеттің азаматы бизнес жүргізу, қаржылық операциялық процестер үшін ала алады", – деп түсіндірді ІІМ өкілі Мәжілісте.