100-ге тарта көпқабатты тұрғын үй салынады

908

100-ге тарта көпқабатты тұрғын үй салынады

Семейдегі "Қарағайлы" деп аталатын жаңа шағынауданда 6 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Жыл соңына дейін оның үшеуін халықтың игілігіне беру көзделген. Бұл жерде "Абай Арена" мәдени-спорттық кешені де бой көтереді. Қазір инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелер тартылып жатыр. Алайда құрылыс басындағы жұмыстармен танысқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бірнеше сын ескертпе айтты. Әсіресе кірпіштердің түсі тез оңып кететіні, сапалы құрылыс материалдарын пайдалану керектігі сөз болды.

Жоспар бойынша жаңа шағынауданда болашақта 100-ге тарта көпқабатты тұрғын үй салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу