100-ге жуық адам қару ұрлағаны үшін қамауға алынды

860

61 адам қаруды заңсыз сақтаған.  

100-ге жуық адам қару ұрлағаны үшін қамауға алынды

Елдегі жағдай кезінде 100-ге жуық адам қару ұрлаған. Олар қамауда отыр. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында 515 қару тәркіленді.

"Оның ішінде 75 автомат, 133 тапанша, 2 пуломет, 47 ойық ұңғылы атыс қаруы, 103 тегіс ұңғылы қару, 100-ден аса граната, 9 мыңнан аса оқ-дәрі бар. Қару ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтасына қамалды. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін 61 адам ұсталды", - деді Санжар Әділов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол ұрланған қару халықтың өмірі мен қауіпсізігіне қауіп төндіретінін атап өтті.

"Өйткені бұл қару-жарақ кез келген заңсыз әрекеттерге қолданылады. Барлық адам қару ұрлауға қатысы болмауы мүмкін екенін ескере отырып, қаруды тауып алған азаматтарды ерікті түрде оны тапсыруға шақырамыз", - деп түйіндеді сөзін Тергеу департаментінің басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін елдегі тәртіпсіздіктер кезінде 227 адам қаза тапқаны хабарлаған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу