100 қазақстандықтың 78-і мобильді интернетті пайдаланады

705

2020 жылдың маусым айында ұялы байланысты қолданатын 24 миллион абонент тіркелді.

100 қазақстандықтың 78-і мобильді интернетті пайдаланады

Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 5,6%-ға аз. Былтыр 25,5 миллион абонент болған еді. Бұл туралы finprom.kz басылымы хабарлады.

Ал интернетті пайданаланатындардың қатары 0,6%-ға артып, 14,5 миллионға дейін өсті. Олардың жалпы абоненттер санындағы үлесі 56,5%-дан 60,2%-ға дейін көтерілген. Осыдан бес жыл бұрын 34,6% деңгейінде тіркелген еді.

Биыл 100 адамға 129 абоненттен келіп отыр, былтырғыдан 6,5%-ға аз. Ал интернеті барларға шаққандағы көрсеткіш – 78, яғни өзгеріссіз қалды.

Соңғы уақытта Қазақстанда мобильді интернет кең етек жая бастады. Дегенмен оның жылдамдығы көңіл көншітіп отырған жоқ. 2020 жылдың мамыр айында әлем елдеріндегі мобильді интернет жылдамдығы бойынша құрылған тізімде Қазақстан 138 орынның 96-шысына табан тіреді. Перу, Сирия, Кения, Гондурас сияқты елдер осы көрсеткіш бойынша елімізден алда келеді. Ал интернет жылдамдығы ең жоғары елдер мыналар: Оңтүстік Корея, БАӘ, Қытай, Катар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу