100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

522

Щучинскте браконьерлік факті анықталды.

 100 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

27 тамызда Жүкей су қоймасының жанында Щучинск – Степняк – Уәлиханов автожолында Щучинск қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруымен LADA Granta автокөлігі тоқтатылды. Көліктің ішін тексеру кезінде 100 келі тұқы тұқымдас балық, 7 келі мөңке балық тұқымдас балық, резеңке қайық, 4 дана тор табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі 6-тармағы (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу