100 күнде жаңа вакцина шығаруға дайынбыз – BioNTech

2299

Pfizer және BioNTech америкалық және еуропалық реттеушілерден вакцинаның үшінші дозасын қолдануға рұқсат сұрауға ниетті. 

100 күнде жаңа вакцина шығаруға дайынбыз – BioNTech

BioNTech компаниясының басшылығы жүз күн ішінде коронавирустың жаңа штамдарына қарсы вакцина жасауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz BioNTech бас директоры Угур Шахин мен медициналық зерттеулер жөніндегі директор Озлем Тюречидің мәліметіне сілтеме жасап.

Шахиннің айтуынша, компанияда тиімділігі дәлелденген және қажет болған жағдайда жүз күнде жаңа вакцина жасауға мүмкіндік беретін барлық технологиялар бар. 

Қолданыстағы BioNTech вакцинасы коронавирустың жаңа штамдарына қарсы тиімді ме деген сұраққа сарапшылар оны матрицалық РНҚ технологиясына сәйкес бейімдеу керек деп жауап берді. Тюречтің айтуынша, мұндай технология онкологиялық зерттеулер барысында бірнеше рет сыналған.

9 шілдеде Pfizer және BioNTech америкалық және еуропалық реттеушілерден вакцинаның үшінші дозасын қолдануға рұқсат сұрауға ниетті екенін мәлім еткен еді. Ғалымдардың айтуынша, үшінші доза толық вакцинациядан кейінгі 6-12 ай ішінде жоғары қорғаныс деңгейін сақтап тұру үшін қажет болуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу