100 млн гектардан астам жер цифрландырылады

707

Үкімет басшысы Асқар Мамин астық жинау саласын цифрландыру жылдық түсімді 25 млн тоннаға дейін ұлғайтатынын мәлімдеді. 

100 млн гектардан астам жер цифрландырылады

"...Біздің алдымызда агроөнеркәсіптегі еңбек өнімділігін 2,5 есе өсіріп, өнім экспортын 2 есе ұлғайту міндеті тұр. Экспортталатын өнімнің 70% өңделген болуы керек. Алға қойылған міндетке қол жеткізудегі басты құралдардың бірі – еліміздің агроөнеркәсіп кешенін толық цифрландыру. Ол өнім өндіруге жұмсалатын шығынды азайтуға, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Асқар Мами. 

Премьер-министрдің сөзінше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 млн гектардан астам жер 5 жылдың ішінде цифрландырылады. Бұған 
мемлекеттік-жекеменшшік әріптестік аясында 50 млрд теңге инвестиция қажет болады.

"Қазірдің өзінде, саланы цифрландырудың нәтижесінде тиімді тәжірибе жинақталуда. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы цифрландыру жиналатын астық пен мал шаруашылығы өнімін 20% дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал фермерлердің шығыны 15% қысқарады. Жалпы алдағы уақытта астық жинау саласын цифрландыру өнім түсімін жылына 25 млн тоннаға дейін ұлғайтады", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу