Қостанайда парамен ұсталған банкроттық басқарушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның банкроттық басқарушысы коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан борышкерлер тізіміне енгізу үшін 100 млн теңге ақша бопсалаған. Күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған.
"Аталған азамат қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу