100 млрд теңгеге 9 мың пәтер салуға болады

958

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев кепілсіз құрылыс салушыларды қолдау бастамасын көтерді.

100 млрд теңгеге 9 мың пәтер салуға болады Фото: inbusiness.kz

Ол құрылыс компаниялары қымбат қорландырудан жапа шегіп отырғанын мәлімдеді деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Қазір тұрғын үй құрылысындағы негізгі проблемалардың бірі – құрылыс компаниялары үшін "қымбат" қорландыру. Еркін кепілдіктің жоқтығынан банктерден коммерциялық кредит ала алмайтын құрылыс салушылар үшін жобалық қаржыландыру тетігі пысықталуда. Осы мақсат үшін тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы – "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ 100 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр. Бұл тіркелген бағамен қосымша 9 мың пәтер салуға мүмкіндік береді", – деді  Әнуар Омарқожаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу