100 мың азаматтың 700 млн теңге өсімпұлы кешірілді

2972

Егер салық төлеуші ЖСН енгізсе, өзінің салық берешегі туралы ақпаратқа қол жеткізеді.    

100 мың азаматтың 700 млн теңге өсімпұлы кешірілді

Осы жылдың басынан бері 2,9 млрд. теңге мөлшерінде негізгі борыш сомасы төленген 114 849 жеке тұлға бойынша өсім есептен шығарылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрілігінің баспасөз қызметі.

Жалпы алғанда, 1,4 млн. адамға рақымшылық жасалып, оларға 13,9 млрд. теңге сомасына негізгі қарызды төлеу шартымен 6,3 млрд. теңге сомасына өсімпұлдар есептен шығарылады. 2019 жылғы 13-14 тамызда барлық аумақтық бөлімшелер өсімпұлды есептен шығару жөнінде комиссия құру туралы бұйрықтар шығарды.

Азаматтар салық берешегі туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.kz ресми сайтында тексеруге болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу