Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте коммуналдық төлемге қанша төлегенін сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер көп қалада коммуналдық төлем қымбаттағанымен, үйдегі жылу көрсеткіші өзгермегенін айтты.
"Біріншіден, температура 16 градустан аспай тұрған пәтерлерді тексеру керек. Егер де жылу есептегіш құрылғы болса, ол әр пәтердің қанша жылу тұтынатынын нақты көрсетеді. Жоқ болса, онда (коммуналдық төлем) жоғары болады. Бұл мәселені шешу керек. Бұл ең әуелі әкімдіктердің мәселесі", - деді министр.
Бұдан бөлек журналистер ведомство басшысынан соңғы рет коммуналдық төлемге қанша төлегенін сұрады. Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, нақты қанша қаражат жұмсағаны белгісіз.
"Шамамен 100 мың теңгенің айналасында төлеймін", - деп қысқа қайырды ол.