"100 мың теңгеден бастап 2 млн теңгеге дейін": Елімізде сәби саудасы тыйылмай тұр

674

Қазақстанда былтыр жаңа туған сәбилерді сатудың 19 дерегі тіркелген.  

"100 мың теңгеден бастап 2 млн теңгеге дейін": Елімізде сәби саудасы тыйылмай тұр Фото: freepik

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Мәжіліс кулуарында адам саудасына қатысты статистиканы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Былтыр адам сату санатына қатысты қылмыстардың статистикасын қарасақ, 93 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 67-сі жеңгетайлық, жыныстық қанау, притондарды ұйымдастырумен байланысты. Арасында адам сату фактілері бар. Қазіргі таңда бұл істер тергеліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Спикердің сөзінше, қыз балаларды шет мемлекеттерде жыныстық қанауға мәжбүрлегендер де болған. 

"Ондай да фактілер анықталып жатыр. Өткен жылы осындай қылмыс жасаған 17 адамды жауапқа тарттық. Бахрейн деген елге біздің жас қыздарды апарып, жыныстық қанауға салған", - деді Марат Қожаев.

Былтыр жаңа туған сәбилерді сатудың 19 дерегі тіркелген. 

"Қылмыстық істердің денін тергеу аяқталды. Шамамен 16-17 адам жаңа туған сәбилерді сату бойынша жауапқа тартылды. Биыл осындай 3 дерек тіркеліп отыр. Олардың бәрі еліміздің ішінде жасалған. Бір баланы 100 мың теңгеден бастап 2 млн теңгеге дейін сатпақ болған", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу