"100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 72-сі іске асырылды – Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия

747

Премьер-Министр А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді  

"100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 72-сі іске асырылды – Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі "100 нақты қадам" ұлт жоспарының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауының орындалу барысы қаралды, деп inbusiness.kz Үкімет басшысы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов баяндады.

Қазіргі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының 72-сі іске асырылды: "Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру" бағыты бойынша 15 қадамның 13-і, "Заң үстемдігін қамтамасыз ету" бағыты бойынша барлық 19 қадам, "Индустрияландыру және экономикалық өсім" бойынша 50 қадамның 27-і, "Бірегейлік және бірлік" бағыты бойынша 6 қадамның 3-і, "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру" бағыты бойынша барлық 10 қадам орындалды.

Биыл "Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру" және "Индустрияландыру мен экономикалық өсім" бағыттары бойынша 9 қадамды орындау көзделген.
Отырыста мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу, мектепте оқыту стандарттарын жаңарту және функционалдық сауаттылықты дамыту, экономиканың энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығы мен болжамдылығын арттыру, ауыл шаруашылығында су шығынын азайту, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындауды, оның ішінде цифрландыру арқылы жеңілдету мәселелері қаралды.

Жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сервисті жетілдіру және транзиттік тасымалдар жылдамдығын арттыру арқылы көлік-транзиттік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстардың барысы талқыланды.

Премьер-Министр ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі "100 нақты қадам" ұлт жоспарын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын толық әрі сапалы орындау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Экономиканың басым секторларындағы жаңа ірі жобаларға стратегиялық инвесторларды тарту, өңдеу секторы мен экспорттық әлеуетті дамыту, негізгі азық-түлік тауарлары бойынша ұлттық экономиканың жеткілікті болуын қамтамасыз ету жөніндегі тармақтарға ерекше назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу