"100% сенімді едім": Тележүргізуші Динара Сәтжан алаяқтарға алданып қалған

392

Танымал тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан алаяқтың құрбаны болып, көпшілікті сақтануға шақырды, деп хабаралайды inbusiness.kz сайты.

"100% сенімді едім": Тележүргізуші Динара Сәтжан алаяқтарға алданып қалған Фото: instagram/dinarasatzhan

"Алаяқтар жылы. Мен адамдарды жақсы танитыныма 100% сенімді едім. Алдымда тұрған адамның қандай екенін түсіну үшін маған 10 минут жеткілікті деп ойлайтынмын. Қандай сақ адам болсаң да, алаяқтың құрбаны болуың мүмкін екен. Алданған жалғыз мен емеспін. Соңғы кездері достарымнан қалай алданып қалғанын, ет жақындары сатып кеткені жайлы оқиғаларды естіп жатырмын. Кинопродюсерлер, стилистер, байерлер, фотографтар. Ешкім алаяқтардан сақтандырылмаған", – дейді жүргізуші.

Тележурналистің сөзінше, алаяқтар танымал адамдардың ортасында жүріп, олармен суретке түсіп, өзіне жақсы "портфолио" жасайды екен.

“Олар эмоцияңмен "ойнайды", керемет нәтижелерді уәде етеді. Өзіне портфолио жасап, сіздің араласатын ортаңызда жүреді. Әдетте, олардың инстаграмында танымал әрі беделді адамдармен түскен суреттер болады. Олардың ісі сол: суретке түседі, басқаның ақшасын жұмсайды және жаңа құрбан іздейді. Шулы жерде әрекет етеді. Төлемді үнемі асықтырады. Онымен тек маңызды адамдар жұмыс істейтінін айтады. Тездетіңіз, әйтпесе қазір бәрін жоғалтып аламыз дейді", – деп жазды медиа маманы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу