Иранның батысында орын тепкен Ақбаз қаласындағы ауа температурасы +53,7 °C-қа жетті, деп жазады islam.kz сайты.
"Бұл планетамыздағы соңғы 100 жылда ең алғаш рет тіркеліп отырған аса жоғары көрсеткіш. Weather Underground ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда аталған қалада +61 °C аптап ыстық тіркелген. Бұл көрсеткіш ауа температурасы мен оның ылғалдылық деңгейінің арақатынасымен анықталған", - деп жазды Mashable мерзімді басылымы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу