100 жылға жуық тарихы бар Қазақстан картасы табылды

2818

 100 жылға жуық тарихы бар Қазақстан картасы табылды

Ақмола облысында 100 жылға жуық тарихы бар Қазақстан картасы табылды, деп хабарлайды khabar.kz.

Көне жәдігерді мамандар Ақкөл ауданының мұрағатынан кезіктіріп қалған. Аудандық қорға ол 1935 жылы өткізілген екен. Қазір ескі карта облыстық мұрағатқа әкелінді. 
Мұрағатшылар картаны "кезіндегі 21 бөліктен тұратын Кеңес одағы картасының бір бөлігі ғана" дейді. 
Бұл картада Қазақстанның солтүстік, батыс, оңтүстік-батыс және орталық аймақтары бедерленген. 1921 жылы Санкт-Петербург қаласында басып шығарылған құжатта елдімекендер мен өзен-көл атаулары 1890 жылдардағы дерек бойынша енгізілген. Яғни, осыдан шамамен 120 жыл бұрын ауылдар мен қалалардың қалай аталғанын білуге болады. 
"Бізде енді осындай көне картаның бар екенін білген адамдар соны көру үшін, зерттеу үшін көптеп келетіні сөзсіз. Мәселен, жер-су аттарын өзгертуде бұл картаның зор пайдасы тиюі мүмкін. Сондықтан біз қазір оның көшірмесін жасаймыз. Мүмкін масштабын үлкейтерміз. Әйтеуір жұртқа ыңғайлы болу жолын қарастырамыз", - дейді облыстық мұрағаттың бөлім жетекшісі Ольга Полеткина.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу