1000-ға жуық оқушы жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадада бақ сынайды

649

Бұл -  математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша 9-11 (12) сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі зияткерлік сайысы.  

1000-ға жуық оқушы жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиадада бақ сынайды Фото: kazgazeta.kz

 20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлайды "Дарын" РҒПО мамандары.

"1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера" қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 090 оқушы, аудандық кезеңіне 82 854, облыстық кезеңінде 15 651 оқушы қатысып, үздіктер іріктелді.

Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен келген 900-ден аса оқушы өзара сынға түседі, оның ішінде 88-і олимпиадалық резерв мүшелері.

Айта кетейік, бес күнге созылатын интеллектуалдық дода классикалық форматта өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі 25 наурызға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу