1000-нан аса студент Президент шәкіртақысын алады

596

Аталған стипендиялар қазақстандық ЖОО мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлінеді.  

1000-нан аса студент Президент шәкіртақысын алады Фото: buki.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі "2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

  • Ең көп шәкіртақы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне бөлінді - 100. Сондай-ақ магистранттарға 2 шәкіртақы бөлінді.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 94 шәкіртақы бөлінді.
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 60 президенттік шәкіртақы алады.
  • А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттеріне 55 президенттік стипендия тағайындалады.
  • С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне 34, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне 27 шәкіртақы бөлінді.

Барлығы 55 жоғары оқу орнының студенттеріне 1005 президенттік шәкіртақы, магистранттарға тағы 7 шәкіртақы бөлінеді.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 20 наурызға дейін орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы мемлекеттік тапсырыс негізінде де, ақылы негізде де тек "өте жақсы" оқитын күндізгі бөлімнің 3-курсынан бастап оқудың барлық кезеңіне тағайындалады.

Стипендия студенттердің келесі санаттарына беріледі:

  • Республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың, спорттық байқаулардың, фестивальдердің жеңімпаздары немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторлары;
  • Ғылыми еңбектер жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдарының болуы;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын студенттер. Оның табысы дипломдармен, сертификаттармен расталады;
  • Университеттің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысу.

Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу жоғарыдағы критерийлер тәртібімен жүзеге асырылады.

Студенттерге арналған президенттік шәкіртақы мөлшері 73 320 теңге; магистранттарға – 173 974 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу