"1000 сауда нүктесі": 38 кәсіпкерге жер телімі беріледі

1109

"1000 сауда нүктесі": 38 кәсіпкерге жер телімі беріледі

Шымкентте "1000 сауда нүктесі" жобасы аясында 38 кәсіпкерге жер телімін беру жөнінде комиссия шешімі шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жер телімдері кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұсынылатын болады. Атап айтқанда, кәсіпкер жылына әр шаршы метр үшін 21 141 теңге төлейді. Сауда нүктелерінің көлемі 6-40 шаршы метр шамасында, яғни орта есеппен сауда нүктесінің бағасы жылына 400-500 мың теңгені (айына 35-40 мың теңге) құрайды. Жер учаскесін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс. 

Байқауға шығарылатын жер телімдері "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының ресми сайтында (www.openspk.kz) тұрақты түрде жарияланып тұрады (шамамен айына 1 рет). Өтінім білдіру үшін кәсіпкерлер "Shymkent Invest" кәсіпкерлерге және инвесторларға арналған үкімет" фронт-офисіне жүгіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу