"102" қосымшасы арқылы құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болады

1386

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті. 

"102" қосымшасы арқылы құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болады

Оның айтуынша "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 1 ақпаннан бастап елімізде полицияға хабарлама қабылдаудың ерекше әдісі енгізілді. 

"Бұл "102" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады. Оның көмегімен елдің әрбір тұрғыны ішкі істер органдарына қоқыстарды қоғамдық орындарға тастау, есірткі сату және тағы басқа жасалған құқық бұзушылық туралы ақпаратты жібере алады. Бұл жүйе арқылы сіз апелляциялық шағым да түсіре аласыз. Ол үшін операторға аудио немесе видео қоңырау шалу керек. Ал қоңырау шалушының орналасқан жері автоматты түрде анықталады, оператор не болып жатқанын көре алады және төтенше жағдайларды жою шараларын қолдана алады", - деді спикер.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі бір апта ішінде тіркелген қылмыстар статистикасына тоқталды. 

"Бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркеліп, оның 2042-і тәулік ішінде ізі суымай ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру, 8 адам өліміне алып келген қасақана денсаулыққа зиян келтіру қылмысын ашты. Сондай-ақ, 2 қарақшылық шабуыл, 3 тонау, 437 бөтеннің мүлікін ұрлау қылмысы да әшкере болды", - деді ІІМ ресми өкілі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу