102 медициналық ұйымға тексерілмеген өлшеу құралдары үшін айыппұл салынды

553

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 78 млн 950 мың теңгені құрап отыр.  

102 медициналық ұйымға тексерілмеген өлшеу құралдары үшін айыппұл салынды Фото: google

Өткен жылы елдегі 102 медициналық мекемеге тексерілмеген өлшеу құралдары үшін айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Былтыр мемлекеттік бақылаумен қамтылған барлық іс-шара саны 2156 тексеруді құрап, 1459 жағдайда бұзушылықтар анықталды. 102 медициналық мекемеде 4643 тексерілмеген өлшеу құралдары анықталды. Олардың арасында ультрадыбыстық аппараттар, өкпені жасанды желдету аппараты, дефибрилляторлар және т.б. бар", - деді спикер.

Қуаныш Елікбаевтың сөзінше, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 78 млн 950 мың теңгені құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу