Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растаған 115 елдің 103-і өз павильонын алды. Мұны "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс істеу департаментінің директоры Илья Оразақов журналистерге халықаралық павильондарды аралау барысында айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Илья Оразақовтың айтуынша, 12 павильон тапсырылып жатыр, осы айдың соңына дейін барлық павильон толық тапсырылады.
"Ұйымдастырушылардың айтуынша, қиындық жоқ. Талқылау барысында туындайтын барлық мәселе жұмыс тәртібінде шешіледі. Егер қатысушыларда қандай да бір қосымша тілек немесе ескерту болса, біз оның барлығын түзетеміз", – дейді департамент директоры.
Илья Оразақов кейбір елдер өз павильондарына электр қуатын жоспарланғаннан көбірек сұрайды. Алайда техникалық жоспар параметрлері әуелде белгіленгендіктен, әзірлеу кезінде елдер кей процесті өзгертуге ниетті.
"Өз экспозициясын әзірлеу барысында елдер өз тілегін білдіріп жатады. Қолымыздан келгенше орындауға тырысамыз. Алайда техникалық және қауіпсіздік жағынан ол мүмкін болмайтын жағдайлар да кездеседі. Ауыр металл құрылымдарын қосуға тыйым салынады, себебі ол қауіпсіз емес", – дейді спикер.
Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық павильондарын аралау барысында Қытай мен Аустрия өз павильондарымен тыныстырды.