Ел алдында онлайн режимде есеп беріп жатқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ауылдарды инетернетпен қамту шараларына тоқталды.
"Кеңжолақты талшықты-оптикалық интернет байланысын салу бойынша мемлекет-жеке меншік әріптестігі бойынша жоба іске асырылуда. Соның шеңберінде қазіргі таңда 20 мыңнан астам шақырым оптика тартылды, 1250 ауыл қамтылады. Қазіргі таңда 747 елді мекен интернетке қосылған. Қалған 500-дей ауыл биылдың соңына дейін қосылады. Сонымен қатар, талшықты-оптикалық интернеттің болуы ұялы байланыс операторларын ауылдарда өздерінің базалық стансаларын орнатуға және ауыл тұрғындарын сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз етуге ынталандырады. Осылайша біз ұялы операторлармен мемомрандумға және жоспар-келісімге қол қойдық. Бұл меморандумға сәйкес жыл аяғына дейін 1035 ауыл мобильді кеңжолақты интернетке қосылады. Қазіргі таңда 200-дей ауыл осындай интернетке қосылған. Бұл жұмысты біз міндетті түрде жыл аяғына дейін бітіреміз деп сенеміз. Жоғарыда айтылған жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін ел хақының 99,3 проценті кеңжолақты интернетпен қамтылатын болады", - деді Асқар Жұмағалиев.
Есжан Ботақара