Ақмола облысының аумағында биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында жалпы ауданы 112,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстық статистика департаменті.
Көрсетілген мерзімде тұрғын үй құрылысына 4039,2 млн теңге жұмсалды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің негізгі үлесі Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданына тиесілі болды.
Бүгінге дейін аймақтың 1036 тұрғыны қоныс тойын тойлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу