104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді

204

Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар. 

104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді Фото: canva.com

104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, 2023 жылы 94 мыңнан астам өтініш қабылданған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Естеріңізге салсақ, биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ, "Серпін" бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар. 

"Ең көп таңдалған қала — Алматы, 42 мың бала оңтүстік астанамызды студенттік шақ өткізу үшін таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 22 мың өтініш қабылданса, 6,5 мың адам Шымкент университеттерінде оқуға ниет білдірген. 

Бірнеше жыл қатарынан талапкерлер ең көп сұранысқа ие оқыту бағыттары бойынша таңдауды өзгеріссіз жасап жатыр. Өтініштердің көпшілігі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ тіс дәрігерлері, дипломаттар, мұғалімдер және психологтар арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтілуде", — деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінен.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. 

Грант иегерлерінің тізімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында және @gylym_jogary_bilim телеграм-арнасында, www.testcenter.kz сайты (ҰТО-ның ресми сайты) және TESTCENTERKZ телеграм-арнасында 10 тамызға дейін жарияланады. 

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау, әдеттегідей, 25 тамызда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу