104 шетел азаматы елден шығарылады

676

Облыс аумағына заңсыз келген 15 Қытай азаматы да шекарадан шығарылатын болды. Ал еңбек мигрантын заңсыз пайдаланған Қазақстан азаматтарына айыппұл салынады.

 104 шетел азаматы елден шығарылады

Ақтөбе облысының аумағында заңсыз жүрген 104 шетел азаматы елден шығарылады, деп хабарлайды 24.kz.

Көші-қон туралы заңды өрескел бұзғандарға қатысты соттың шешімі шықты. Облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі өткізген жедел алдын алу шарасы кезінде 535 адам жауапкершілікке тартылған. Оның басым бөлігі Орта Азия мемлекеттерінің азаматтары.

Облыс аумағына заңсыз келген 15 Қытай азаматы да шекарадан шығарылатын болды. Ал еңбек мигрантын заңсыз пайдаланған Қазақстан азаматтарына айыппұл салынады.

"Заңсыз келуші" шарасы кезінде барлық құрылыс нысаны мен базарлар тексерілді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жаз мезгілінде сырттан ағылатындардың саны артады.

"Профилактикалық іс-шара облыс деңгейінде де, республика деңгейінде жиі жүреді. Оның мақсаты – заңсыз келген шетелдіктерді анықтау. Немесе заңсыз жұмыс күшін пайдаланып жүрген ҚР азаматтарын анықтау. Әсіресе ТМД елдерінен, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжаннан келеді. 5 күннің ішінде тіркеліп, белгіленген уақытта жұмыс жасауға рұқсат алып, тіркелген жерде ғана жұмыс істеу керек",- дейді ІІД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Бекболат Бұқбанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу