Қазақстан елшісі Александр Лукашенкоға сенім грамоталарын тапсырды

491

Белорусь мемлекетінің басшысы елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстанның тұрақты дамуына жоғары баға берді. 

Қазақстан елшісі Александр Лукашенкоға сенім грамоталарын тапсырды

ҚР елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Ресми қабылдау барысында Белорусь мемлекетінің басшысы елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстанның тұрақты дамуына жоғары баға берді және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттегі жаңа саяси бастамаларына табыс тіледі.

Өз кезегінде А. Бейсенбаев көптеген жылдары қалыптасқан қарым-қатынастар стратегиялық мазмұнға ие болғанын атай келе, елшілік екі мемлекет көшбасшылары белгілеген екіжақты әрекеттестіктің барлық спектріндегі ынтымақтастықты күшейтуге қатысты міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салатыны туралы сендірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу