1072 елдімекенге су тасқыны қаупі төніп тұр

486

Елімізде су тасқыны қаупі бар елдімекендердің тізбесі нақтыланды. 

1072 елдімекенге су тасқыны қаупі төніп тұр Фото: Ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері өңірлерде 25 шақырым уақытша бөгендер мен 57 шақырым қорғаныш білігі тұрғызылды. Шамамен 5 мың шақырым каналдар мен 6 мың шақырым арықтар, 15 мың автомобиль және 3 мыңнан астам шақырым темір жол су өткізу құрылыстары тазартылды. Әкімдіктермен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізбесіне түзету жүргізілді және нақтыланды. Нәтижесінде олардың саны 24-ке өсіп, 1072-ні құрады", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, бұл осы елдімекендерде алдын алу іс-шараларын толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді.

"Су тасқынына қарсы іс-шараларды одан әрі іске асыру үшін ТЖМ-нің бастамасымен өңірлік жоспарларға еріген және жаңбыр суының тасқынынан халықты қорғау деңгейінің индикаторы енгізілді, бұл олардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді", - деді министр.

Айта кету керек, осыған дейін биыл БҚО-да 210 тұрғын үй су астында қалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу