108 атылған киік табылды

1708

Атылған жануарлар 17-21 наурыз аралығында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағынан табылған.

108 атылған киік табылды

Елімізде киікті қыру тоқтар емес. Былтыр бұл жануарларды атуға қатысты 78 факті тіркеліпті. Бұл туралы "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның  бас директорының орынбасары Жаннат Таңсықбаев айтты.

"Өткен жылы елімізде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 8840 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелген:  браконьерлікке қатысты –180 факті, оның 78 фактісі киікке қатысты, ал 102 факті басқа жануарларға қатысты. 2019 жылдың І тоқсанында 1740 бұзушылық анықталды", – дейді ол.      

Еске сала кетсек, 2019 жылғы 10 наурызда Ақтөбе облысы Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының аумағында браконьерлер атқан 40 киік табылып, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Дәл осындай жағдай 2019 жылғы 17-21 наурыз аралығында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орын алып, 108 атылған киік табылды. Күдіктілерді іздеу жұмыстары кезінде 6 адам құрықталды, оның 2-еуі "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның инспекторлары болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясымен қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады Қорғалжын қорығының директоры А. Сексенбиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу